ТҮРКІСТАН: 700 мыңнан астам кәсіпкер салық пен төлемдерден босатылды

0
236

Жеңілдікпен несиелеу, жұмыс орындарын құру және сақтауға қаржы бөлінді.


ТҮРКІСТАН: 700 мыңнан астам кәсіпкер салық пен төлемдерден босатылды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

«Атамекен» ҚР ҰКП-нің VII съезі өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Съезге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік кеңестерінің мүшелері, салалық қауымдастықтардың өкілдері, сондай-ақ кәсіпкерлер қатысты.

Алғаш рет онлайн-форматта өткен съезге Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев, Өңірлік кеңестің төрағасы Қайнар Абасов пен 12 мүшесі, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директоры Тимур Нақыпбеков қатысты.

Күн тәртібінде ҚР ҰКП кейбір ішкі құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы және басқару органдарының кейбір мәселелері туралы айтылды. Сонымен қатар, Ревизиялық комиссияның жылдық есебін бекіту және қызмет ету қорытындысы бойынша жылсайынғы есепті бекіту туралы, орта мерзімді кезеңге жұмыс жоспары және цифрлық экожүйе туралы мәселелер қаралды.

Атап айтсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бірлесуімен бірқатар дағдарысқа қарсы шаралар қабылданып, іске асырылды. Бизнеске салықтар және несие төлемдері бойынша шегерім берілді. 700 мыңнан астам кәсіпкер еңбекақы қорына салық пен төлемдерден босатылды, жеңілдікпен несиелеу, жұмыс орындарын құру және сақтауға қаржы бөлінді.

Мемлекет басшысының «Бизнеске арналған үкімет» жобасын іске асыру бойынша тапсырмасын орындау аясында «Атамекен» бизнестің цифрлық экожүйені құру бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Экожүйеде кәсіпкерлер қызметтер кешенін қолданып, өтінімдер жіберіп, кері байланыс ала алады.

Съезд соңында Мемлекеттік органдар және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ақпараттық жүйелерін интеграциялау бойынша келесімге қол қойылды.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет