ТҮРКІСТАН: 750-ге жуық мектеп жедел басқару орталығына қосылады

0
959

943 мектептің 563-і облыстық Полиция департаментінің жедел басқару орталығына (ЖБО) шығарылған.


ТҮРКІСТАН: 750-ге жуық мектеп жедел басқару орталығына қосылады

Түркістан облысында 8 мыңнан астам адам білім беру ұйымдарына электронды жүйемен жұмысқа орналасқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында білім беру қызметкерлерін жұмысқа қабылдау бойынша рәсімдер толық автоматтандырылған. Өңірде білім беру ұйымдарына жұмысқа орналасуға арналған бірыңғай портал жұмыс істейді. Барлық бос орындар enbek.kz сайтында жарияланады. Бүгінгі таңда 8 490 үміткер жүйе арқылы жұмысқа орналасқан. Бұл жайында брифингте Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Елнұр Өтебаев мәлімдеді.


«Ақылды қалалар» эталондық стандартына сәйкес, Түркістан қаласында 8 негізгі бағыттар бойынша жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, қаланы басқару, қауіпсіздік, көлік, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және құрылыс. Қазіргі таңда негізгі 48 бастаманың 25-і іске асырылған», - деді басқарма басшысы.


Президент пен Үкіметтің халыққа және бизнеске бос жер телімдері туралы деректердің ашықтығын қамтамасыз ету, инженерлік желілерді қосу, техникалық шарттарды алу жөніндегі тапсырмасы аясында басқарма Түркістан облысының геопорталын жүргізу бойынша жұмыс жүргізуде.


Бүгінгі таңда геопортал аясында 4 ауданда космомониторинг жүргізіліп, 3 698 пайдаланылмайтын жер (45 358 га.) анықталған. Оның 1 761 - өздігінен басып алынған жерлер, 531 - мақсатсыз пайдаланған жерлер.


Сонымен қатар, мектептердегі оқушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бүгінгі таңда облыстағы 943 мектептің 563-і облыстық Полиция департаментінің жедел басқару орталығына (ЖБО) шығарылған. Жоспар бойынша техникалық мүмкіндігі бар жалпы 750-ге жуық мектепті аталған орталыққа шығару жоспарланып отыр.