ТҮРКІСТАН: 8 жасар баланы қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

0
1 667

Егде ер адам ұлының көлігін мас күйінде айдап кеткені белгілі болды.


ТҮРКІСТАН: 8 жасар баланы қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Жетісайда арақ ішіп алған ер адам көлігімен 8 жасар баланы соғып оқиға орнынан қашып кеткен ер адам қолға түсті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жасөспірім велосипед айдап жүрген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан түрлі дене жарақатын алған баланы жедел жәрдем қызметі аудандық ауруханаға жеткізген.

Бұл туралы Түркістан облысы Жетісай аудандық полиция бөліміне орталық ауруханадан хабарлама кеп түскен. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары "Lada" автокөлігін тізгіндеген ер адамның жол-көлік оқиғасын жасап, велосипед айдап жүрген сегіз жасар баланы соғып кетіп оқиға орнынан бой тасалағанын анықтаған.

Алайда күдікті екі сағаттың ішінде анықталып, өз үйінде қолға түсті. Ол Жетісай қаласының тұрғыны боп шықты. Егде ер адам ұлының көлігін мас күйінде айдап кеткені белгілі болды. Оның тіпті көлік жүргізу куәлігі де жоқ боп шыққан. Сараптама нәтижесі бойынша жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені анықталған. Қазір күдікті қамауға алынды. "Аталған жайт Жетісай аудандық полиция бөлімінде ҚР ҚК-нің 345-1-бабы

«Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» және 347-бабы "Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу" бойынша тіркелді", - деп мәлімдеді Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.