ТҮРКІСТАН: 9 айда 406,4 мың шаршы метр тұрғынүй пайдалануға берілген

0
439

Жыл қорытындысы бойынша 70 нысан пайдалануға тапсырылады.


ТҮРКІСТАН: 9 айда 406,4 мың шаршы метр тұрғынүй пайдалануға берілген

Түркістан облысы бойынша биыл 240 бюджеттік инвестициялық жобалар іске асырылуда, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысында жыл соңына дейін тұрғын үй кезегінде тұрған жандар үшін 1452 пәтер беру жоспарланған. Оның 1002 пәтері ипотекалық жолмен берілмек. Ал, 450 пәтер қала бойынша тұрғын үйге мұқтаж тізімінде тіркелген көпбалалы отбасыларға берілетін болады. Одан өзге, 540 пәтер кезекте тұрған әлеуметтік осал топтардағы азаматтарға, бюджеттік сала қызметкерлері, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен көпбалалы аз қамтылған отбасылар және жетім балаларға беріледі.

Жалпы, қазір Түркістан облысы бойынша биыл 240 бюджеттік инвестициялық жобалар іске асырылуда. 2020 жылы мемлекеттік және ішкі істер органдары мен білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет салаларына тиесілі 77 нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда. Қалған жобалар 2021 жылға өтпелі. Тұрғын үй құрылысы бойынша 83 жоба іске асырылуда, оның 32-сі 2020 жылы аяқталады. Аймақта тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспары 595,7 мың шаршы метрді құрайды. 9 ай ішінде өңірде 406,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.

2020 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының аясында мемлекеттік бюджет есебінен 158 нысанның құрылысына 36,6 млрд. теңге бөлінген. Жыл қорытындысы бойынша 70 нысан пайдалануға тапсырылады. Нәтижесінде 2430 отбасы баспанамен қамтамасыз етіліп, 3604 жеке жер учаскелеріне инфрақұрылым жүйелері жүргізілетін болады.