ТҮРКІСТАН: 90 жастағы анасын балағаттаған азамат қамалды

0
1 096

Осының алдында әйелін де жәбірлеген.


ТҮРКІСТАН: 90 жастағы анасын балағаттаған азамат қамалды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Тоқсан жастағы анасын балағаттаған жігіт қамауға алынды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы Арыс қаласы Монтайтас ауылының тұрғыны 50 жастағы Н. араққа сылқия тойып кеп үй ішінде жанжал шығарған. Тал түсте үйіне ішіп келген ол мас халде 90 жастағы қарт анасының намысына тиетін былапыт сөздер айтып жәбірлеген. Сотталушы бұған дейін де дәл осындай әрекеті үшін заң алдында жауапкершілікке тартылған. Мамыр айында ғана әйелін балағаттап қорлаған оған қатысты әкімшілік іс сотта қаралған.

Елуге келсе де ес кірмеген ұлынан әбден көңілі қалған кейуана сот барысында перзентін кешірмейтінін айтқан. Арыс аудандық сотының судьясы Г.Ерназарова құқық бұзушы Н. ҚР ӘҚБтК нің 73 бабы бойынша кінәлі деп танып, сегіз күнге қамауға алуға шешім қабылдады.

"Бұған дейін де әйеліне қорлау сөздер айтып, аямаған азамат 2020 жылдың мамыр айында істі болып, ескерту алған. Бір жылдың ішінде отбасылық жанжалды ушықтырған құқық бұзушы сот қаулысымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде 8 (сегіз) тәулікке қамаққа алынды", - деп мәлімдеді Арыс аудандық сотының баспасөз қызметі. Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.