«Түркістан – Абу-Даби»: Бір айда 5 мыңнан аса жолаушы қатынаған

0
906

Бір ұшақтың сыйымдылығы - 240 адам.


«Түркістан – Абу-Даби»: Бір айда 5 мыңнан аса жолаушы қатынаған

«Түркістан – Абу-Даби» әуе бағытымен бір айда 5 мыңнан аса жолаушы қатынаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Wizz Air» әуекомпаниясы биыл «Түркістан-Абу-Даби» әуе бағытын іске қосқан болатын. 16 қаңтар мен 15 ақпан аралығында жалпы саны 28 рейс орындалған. Бір айдың ішінде екі бағыт бойынша 5 299 жолаушы билет сатып алған. Яғни борттың сатылымы 82,3% орындалуда. Бір ұшақтың сыйымдылығы - 240 адам.


Бір «Абу-Даби-Түркістан» бағытында 14 рет рейс орындалып, 2 353 жолаушы келген. Қалған 14 рейстегі 2 946 жолаушы Түркістаннан Абу-Дабиге ұшқан.