Түркістан: Әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы тұрғындарды тікелей эфирде қабылдайды

0
1 390

Жеке қабылдауға алдын-ала жазылып, Skype немесе WhatsApp қосымшасы арқылы бейнебайланысқа шыға аласыздар.


Түркістан: Әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы тұрғындарды тікелей эфирде қабылдайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы тұрғындарды тікелей эфирде қабылдайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2019 жылдың 30 қаңтарында сағат 16:00-17:00 аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы Тұрсынбаев Ғалым Сұлтанұлы Skype және WhatsApp қосымшаларымен бейнебайланыс арқылы жеке қабылдау өткізеді.

Егер Сіз, осы көрсетілген байланыстар арқылы өтетін Департамент басшысының жеке қабылдауына жазылғыңыз келсе, алдын ала +7 (725) 33-59472 телефонына 2019 жылдың 29 қаңтарына дейін хабарласыңыз.

Жеке қабылдауға алдын-ала жазылып, көрсетілген уақытта +77758692121 нөміріне Skype немесе WhatsApp қосымшасы арқылы бейнебайланысқа шыға аласыздар.