ТҮРКІСТАН: Агроөнеркәсіпті дамыту қолға алынды

0
540

15 ауданның кәсіпкерлері жергілікті атқарушы орган өкілдеріне көкейкесті сұрақтарын қойды.


ТҮРКІСТАН: Агроөнеркәсіпті дамыту қолға алынды

Түркістан облысында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жолдары талқыланды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы алаңында облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаевтың қатысуымен Өңірлік кеңес жанындағы агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі комитетінің кеңейтілген мәжілісі өтті. Жиынға Түркістан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов, қаржы институттарының өкілдері мен агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі комитетінің мүшелері қатысты.

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нақыпбеков шаруалардың өзекті мәселелерін толыққанды қарау және оларды шешу жолдарын іздестіру үшін тиісті мемлекеттік құрылым басшыларының арнайы шақырылғандығын атап өтті.

Мәжіліске онлайн форматта қатысқан облыстағы 15 ауданның кәсіпкерлері жергілікті атқарушы орган өкілдеріне көкейкесті сұрақтарын қойып, ұсыныс-тілектерін білдірді.

Ашық әңгіме барысында жергілікті шаруалардың жүйелі мәселелері қозғалып, оларды шешу бойынша ұсыныстар талқыланды.

Түркістан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов өз кезегінде АӨК саласында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Мәжіліс барысында сонымен қатар, мақта шаруашылығындағы элиталық тұқымдарды кеңінен қолдану арқылы өнімділікті арттыру, агроөнеркәсіптік инфрақұрылымды дамыту, ауылшаруашылығы техникасын жаңғырту және ауылшаруашылығы кооперативтерін құру мен субсидиялау сияқты өзге де өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Жиын қорытындысы бойынша мұндай кездесулерді тоқсан сайын өткізіп отыру келісілді.