ТҮРКІСТАН: Әкімдік қызметкерлері тұрғындарға бетперде таратты

0
746

Бұл топтың құрамында ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері де бар.


ТҮРКІСТАН: Әкімдік қызметкерлері тұрғындарға бетперде таратты

Түркістан облысында карантиндік шектеу мерзімі ұзартылған, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының Бас санитар дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусым күнгі №25 қаулысына сәйкес облыс аумағында қалыптасып отырған жағдай тұрақталғанға дейін карантиндік шектеу мерзімі ұзартылған еді. Осы қаулының талаптарына сәйкес өңірде бетперде режимі қатаң сақталып, бас санитар дәрігердің атап көрсеткеніндей халыққа қызмет көрсететін әртүрлі орындардың жұмыстары белгілі бір мерзімге дейін шектеліп отыр. Карантиндік талапқа сәйкес өздеріне таратылып берілген ескертулерді қызмет орындары қатаң сақтап, көрсетілген мерзімде жұмыстарын тоқтатуы тиіс. Бұлай болмаған жағдайда тиісті тәртіптің өрескел бұзылуына жол берген нысандарға әкімшілік айыппұл салынатын болады.

Тағы да бір ерекше назарда ұстайтын жайт ғимаратқа енген адамдардың екі-үшеуден артық, арақашықтықтың екі метрден кем болмауы мен топтанып тұруға болмайтынын да есте сақтаған жөн.

Осы талаптарды түсіндіру мақсатында Отырар аудандық ішкі саясат бөлімі мен Шәуілдір ауыл округі әкімдігінің қызметкерлері қауіпті індеттің, оның өршімеуінің алдын алу үшін аудан орталығындағы бірнеше сауда дүкендерінде болып, тұрғындарға бетперде таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ескерту парақшаларындағы талаптарды жете түсіндіріп, белгіленген тәртіп бойынша жұмыс жасауға шақырды.