ТҮРКІСТАН: Ақша алу үстінде полиция қызметкері ұсталды

0
1 348

ҚР ҚК-нің 190 "алаяқтық" бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


ТҮРКІСТАН: Ақша алу үстінде полиция қызметкері ұсталды

Түркістан облысы, Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкері ақша алу үстінде құрықталды. Полицей 21 шілде күні қолға түскен деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл фактіні Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөзқызметі де растады.

"Бүгін Туркістан облысы полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен Мақтаарал АПБ-мі бірігіп жүргізген арнайы жедел іс-шара барысында ақша алу үстінде аудандық полиция бөлімінің қызметкері ұсталды. Бұл жайт ТО ПД тіркелді. ҚР ҚК-нің 190 "алаяқтық" бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде,"-деп жазды Түркістан облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.

Еске сала кетейік, бір айдан астам уақыт бұрын Түркістан облысы Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары құрықталған болатын.