ТҮРКІСТАН: Әлем чемпионатында 74 шардаралық ел намысын қорғайды

0
478

74 қатысушының 57-сі ұлдар болса, 17-сі қыздар.


ТҮРКІСТАН: Әлем чемпионатында 74 шардаралық ел намысын қорғайды

Алматы қаласында тұңғыш рет армрестлингтен Әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


24 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында еліміздің Алматы қаласында тұңғыш рет армрестлингтен Әлем чемпионаты өтеді. Аталмыш әлемдік додаға алты құрлықты мойындатқан «Шардара Армспорт» клубынан 74 спортшы қатысып, ел намысын қорғамақ. Жарыста жасөспірімдер сапында 7 салмақта 12, жастар сапында 10 салмақта 22, жас жеткіншектер сапында 7 салмақта 13 және ересектер сапында 12 салмақта 27 шардаралық бақтарын сынайтын болады. 74 қатысушының 57-сі ұлдар болса, 17-сі қыздар.


Бүгінде әрбір спортшының жаттығу жасау мен тамақтану, ұйықтау, серуендеу уақыттарының кестесі бекітіліп, қатаң сақталуда. Арнайы жаттықтырушылар бекітілген. Клубтан 2001 жылдан күні бүгінге дейін қол күресінен 102 Әлем чемпионы, 99 Әлем чемпионатының жүлдегері, 26 Әлем кубогының иегері, 278 Азия чемпионы, 264 Азия чемпионатының жүлдегерлері, 50 Азия кубогының иегері, 391 Қазақстан чемпионы, 550-ге жуық Қазақстан Республикасы чемпионатың жүлдегері, 85 Халықаралық турнирлердің жеңімпазы, 68 Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері және 130 Қазақстан Республикасының спорт шебері шыққан.


Сонымен қатар, 547 спортшы ҚР спорт шеберлігіне үміткер болса, 5 жаттықтырушы Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы атанған. Заман талабына сай спорттық базада бүгінде 500-ден астам спортшы қол күресімен қатар гір көтеру, дзюдо, ауыр атлетика, каратэ, семсерлесу, найза лақтыру, ядро лақтыру, таэквондо, бокс, пауэрлифтинг, тоғыз құмалақ, асық ату, жеңіл атлетика сынды спорт түрлерімен тұрақты айналысып келеді. 8 жастан бастап ақысыз түрде кез-келген адамның спортпен айналысуына мүмкіндік жасалған клубта алыстан қатынайтын балалар үшін арнайы автобустар да қарастырылған.