ТҮРКІСТАН: Әлем чемпиондары жас спортшылармен кездесті

0
743

Жастар ақыл-кеңестерге қанық болды.


ТҮРКІСТАН: Әлем чемпиондары жас спортшылармен кездесті

Түркістандағы мектеп-интернат колледжінде дарынды жас спортшылармен кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облыстық Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балаларға арналған спорт мектеп интернат колледжінде дарынды жас спортшылармен кездесу өтті. Жиынға Елордадан арнайы республикалық Дене шынықтыру және спорт оқу-әдістемелік және талдау орталығының басшысы Қыдырбек Рысбек келіп, жас буынға спортта жеңіске жету жолында қажетті қасиеттер турасында сөз қозғады.


Сонымен қатар, кездесуге бокстан әлем чемпиондары Біржан Жақыпов пен Қайрат Ералиев және балуан, Азия чемпионы Мейіржан Шермағанбет қатысты.


Спорт мамандары мен жас буын өкілдері спорт саңлақтарымен кездесу барысында тәрбие, білім және еңбек жайлы ақыл-кеңестерге қанық болды.