ТҮРКІСТАН: Әлеуметтік азық-түліктің бағасын өсірмеу бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр

0
770

Аудан, қалаларда кеш пісетін өнімдер егілген.


ТҮРКІСТАН: Әлеуметтік азық-түліктің бағасын өсірмеу бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр

Түркістан облысында кеш пісетін картоп және көкөніс дақылдарын өсіруді қолға алу бойынша тапсырма берілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысындағы аудан, қала әкімдіктері тарапынан тұрғылықты халықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етіп, бағаны тұрақтандыру мақсатында кеш пісетін картоп (7,2 мың га) және көкөніс дақылдарын (пияз-2,0 мың га, сәбіз-1,5 мың га, қырыққабат-2,9 мың га) өсіруді қолға алу бойынша тапсырма берілген. Нәтижесінде 126,4 мың тонна картоп, 65,1 мың тонна қырыққабат, 53,4 мың тонна басты пияз және 32,5 мың тонна асханалық сәбіз өнімдері жиналған.


Жалпы, бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақыланып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсірмеу бойынша тиісті шаралар қабылдануда.