ТҮРКІСТАН: Әлеуметтік сала қызметкерлері науқанға қатысты

0
190

Көпжылдық және біржылдық гүл көшеттерін екті.


ТҮРКІСТАН: Әлеуметтік сала қызметкерлері науқанға қатысты

Түркістан қаласындағы Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ұжымы эко-акцияға белсенді атсалысуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласындағы Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ұжымы республикалық "Таза Қазақстан" эко- акциясына белсенді атсалысуда.


Мамандар бүгін "Жасыл аймақ" апталығында орталықтың ауласына абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, ағаш түптерін қопсытты. Көгалды аумақты реттеді. Сондай-ақ келушілерге жайлы жағдай жасау мақсатында көпжылдық және біржылдық гүл көшеттерін екті.


Орталық мамандары шара барысында осындай акциялардың жүйелі ұйымдастырылатынын айтып, қала тазалығы мәдениетін қалыптастыруда, табиғатты аялауда экоакцияның берері мол екенін жеткізді.