​ТҮРКІСТАН: Алғаш рет «Sozaq марафоны» ұйымдастырылды

0
1 161

Жүгіруді серік еткендер Қаратау ауыл округіне жиналып, 5, 10 шақырым жарыс жолына шықты.


​ТҮРКІСТАН: Алғаш рет «Sozaq марафоны» ұйымдастырылды

Созақ аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, аудан әкімдігінің қолдауымен жүгіруден алғаш рет «Sozaq марафоны» өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жүгіруді серік еткендер Қаратау ауыл округіне жиналып, 5, 10 шақырым жарыс жолына шықты. Марафонға бұқаралық спортты серік еткен ауданның барлық ауыл, кент округтерінен 100-ге тарта азаматы қатысты.

"Қазір ауданда спортқа ден қойып, өзінің белсенділігін көрсетіп жүрген жастар қатары жыл сайын көбейіп келеді. Осындай азаматтардың басын бір жерге жинап, марафон өткіздік. Мұндай ауқымды шараны аудан орталығында емес, шалғайдағы ауыл, кент округтерде өткізіп, барлық тұрғындарды қамтуды мақсат етіп отырмыз. Бұл марафон дәстүрлі түрде өткізу жоспарымызда бар", –дейді аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Олжас Төлепбергенов.
«Sozaq марафонына» 10 шақырым бойынша қатысып, жүлделі орын алған марафоншы Қонысбек Асқаров: «Жүгіріп, марафонымен айналысып жүргеніме 1 жылдан асты. Осы аралықта Тараз, Шымкент қаласында өткен марафонға қатысып, тәуір нәтиже көрсеттім. Бүгінгі «Sozaq марафонына» қатыстым. Шалғайдағы ауылдарда таланты спортшылар көп, бірнеше азамат 10 шақырымды бір деммен жүгіріп шықты. Жүгіру жолы да ерекше, өрге шығып, төмен түстік. Жалпы, марафон жоғары деңгейде өтті», дейді.
«Sozaq марафонында» 10 шақырымдық жарыста бас жүлдені орынды Созақ ауыл округінен Абдуллаев Тұрсынәлі, Тасты ауыл округінен Зәкіржанов Жандос бірінші орынды, Қаратау ауыл округінен Абибулла Ерсұлтан екінші орынды алса, Шолаққорған ауыл округінен Асқаров Қонысбек үшінші орынды иеленді. Сондай-ақ 5 шақырымдық марафонда шолаққорғандық Сауыр Нұрсұлтан бірінші орынға ие болды. Қаратау ауыл округінен Әбденбай Сәулет екінші орын алса, тағы бір қаратаулық Тұрсынбаев Ырысбек үшінші орынды алды. Жүйрік қыз номинациясын шолаққорғандық Айдана Дастанова иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге сыйлықтар табыс етілсе, қатысушыларға арнайы медаль тағылды.