ТҮРКІСТАН: Алматыдағы тәртіпсіздікке қатысқан қылмыстық топ құрықталды

0
381

Олардан қару тәркіленді.


ТҮРКІСТАН: Алматыдағы тәртіпсіздікке қатысқан қылмыстық топ құрықталды

Түркістан облысының полицейлері Алматыда болған жаппай тәртіпсіздікке қатысқан қарулы қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Алматыдағы жаппай тәртіпсіздікке қатысып, соны өздерінің жеке ұялы телефондарына түсірген 3 жас жігітті Түркістан облысының полицейлері блок бекеттен өту кезінде ұстады.


Нақтырақ айтар болсақ, Қазығұрт АПБ қызметкерлері Алматы-Термез-Ташкент тас жолындағы Ақтас блок бекетінде "Тойота" маркалы автокөлігінде болған Сарыағаш және Келес аудандарының 3 тұрғынын ұстады. Тексеру кезінде жедел уәкілдер көліктен тапанша тауып, тәркіледі. Аталған жайт СДТБТ-ға ҚК-нің 287-бабы "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша тіркелді.


Ұсталғандардың барлығы қамауға алынды. Бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.