​ТҮРКІСТАН: Алты айдың ішінде облыста 818 «адалдық дүкендері» ашылды

0
1 315

«Ашық түркістан» жобасы аясында 8000-нан астам ауыл тұрғындарына көмек көрсетілді.


​ТҮРКІСТАН: Алты айдың ішінде облыста 818 «адалдық дүкендері» ашылды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Түркістан облысы Департаменті 2019 жылдың І жартыжылдық бойынша атқарылған жұмысын қорытындылау мақсатында баспасөз конференциясын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Баспасөз жиынында Департамент басшысы Ғалым Сұлтанұлы «Түркістан-адалдық алаңы» Жобалық кеңсесімен атқарылған жұмысты қорытындылап, жүзеге асқан бастамалардың барысын баяндады.

Алты ай қорытындысы бойынша жобалық кеңсемен 438 іс – шара атқарылды.

Ең алдымен, аталған іс-шаралар білім беру ұйымдарынан бастау алып, облысымыздағы жоғары қабатта отырған 316 мектеп директорларының 308-і ашықтықты қамтамасыз ету үшін 1 қабатқа орналастырылды.

Сондай-ақ, 8000-нан астам ауыл тұрғындарына «Ашық Түркістан» Жобасы аясында құқықтық, заңнамалық көмектер көрсетіліп, 40 ауылдық әкімдіктерде барлық тұрғындарға қол жетімді тегін WI-FI, стационарлы тегін телефон, компьютер және принтерлер қойылды.

Бұл Жоба аясында қоғам арасында адалдық, парасаттылық негіздерін қалыптастыру мақсатында облысымызда соңғы 6 ай ішінде жобалық кеңсе бастамасымен, 818 «адалдық дүкені» ашылды.

Брифинг барысында Ғ.Сұлтанұлы Агенттік бастамасымен өңірімізде қолға алынған Protecting business and Investments жобасы аясында бизнес қауымдастық пен инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу басты мақсат екендігін және қазіргі таңға дейін жобамен жалпы соммасы 360 млрд. теңге болатын 11 ірі инвесторлар мен кәсіпкерлер сүйемелдеуге алынғандығын атап өтті.

«Бұл жұмыстар тек 6 айдың қорытындысымен ғана айтылды, әле алға қойылған мақсаттар мен міндеттер бойынша жаңадан құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің өңірлік департаменттері жалғастыратын болады», – деп сөзін Ғалым Тұрсынбаев қорытындылады