ТҮРКІСТАН: Алты күнде 47 тұрмыстық зорлық-зомбылық анықталған

0
1 452

«Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижесінде мәлім болды.


ТҮРКІСТАН: Алты күнде 47 тұрмыстық зорлық-зомбылық анықталған

Түркістан облысында бар жоғы алты күннің ішінде 47 зорлық-зомбылық фактісі анықталды. Араққа салынған 65 адам тіркеуге алынды деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл облыстық полиция департаментінің 7-13 тамыз аралығында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижесі.

ҚР ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысы аумағында 2019 жылғы 7-13 тамыз аралығында криминогендік ахуалды оңалту, масаң күйде, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастарда ауыр және аса ауыр қылмыстарға жол бермеу, құқық бұзушылық профилактикасы бойынша жағдайды тұрақтандыру, ішкі істер органдарының халық арасындағы беделі мен имиджін көтеру және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы жұмысты жандандыру мақсатында «Тұрмыс» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Түркістан облысына қарасты барлық аудандық полиция басқарма мен бөлімдерінен 500-ге тарта қызметкерлер жұмылдырылған. Профилактикалық іс-шараның 6 күнінде яғни 12 тамызға дейін 47 тұрмыстық зорлық-зомбылық анықталған. Ал, есепке алынғандар саны 311, қорғау ұйғарымдарынан шығарылғаны - 179. Қолайсыз отбасылар – 45 болса, ішімдікке салынғандар бойынша – 65 тұлға анықталды. Оған қоса 800-ден астам Әкімшілік құқықбұзушылық жайттары орын алған. Жалпы барлығы 1600-ге жуық профилактикалық іс-шаралар жүзеге асырылды. Сондай-ақ, тұрғылықты мекен-жайы бойынша 1886 тұлға тексерілген.

"Жұмысын адал, мінсіз атқарып жүрген облыстық учаскелік полиция инспекторларына тұрғындар да, өз ризашылықтарын білдіруде. Себебі полицейлер олардың отбасының тыныштығын сақтауда, қылмыстың алдын алуда, ішкілік салдарынан жанұяда орын алатын дау-дамайға жол бермеуде өз көмектерін аямаған. Түрлі бағытта жұмыстар жасап, жоғары нәтижеге жеткен,"-деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.