ТҮРКІСТАН: Аппарат басшысы Төлебидегі спорт кешендерінің жұмыстарымен танысты

0
1 100

Саланы дамытуға байланысты ұныныстар беруді міндеттеді.


ТҮРКІСТАН: Аппарат басшысы Төлебидегі спорт кешендерінің жұмыстарымен танысты

Облыс әкімдігінің аппарат басшысы Төлеби ауданындағы спорт залдар мен жатақханалардың жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін облыс әкімдігінің аппарат басшысы Еркеғали Әлімқұлов Төлеби ауданындағы «Бәйшешек» сауықтыру орталығында орналасқан спорт залдар мен жатақханалардың жұмыс барысымен танысты. Аталмыш сауықтыру ғимаратында анықталған кемшіліктерге тоқтала келе, облыстық спопт басқармасы мамандарына оларды ретке келтіруді тапсырды. Саланы дамытуға байланысты ұныныстар беруді міндеттеді.


Сонымен қатар, Төлеби аудандық №1 балалармен жасөспірімдеге арналған спорт мектебінің бапкерлерімен кездесіп, спортшылардың жаттығуына қатысты. Түркістан облысына қарасты аудандарда бірқатар заман талабына сай спорттық кешендер қатары бой көтеріп, халық игілігіне ұсынылып келеді. Түркістан облысы әкімінің аппарат басшысы Еркеғали Әлімқұлов әрбір аудандағы спортты көркейту мақсатында жаңаша бағытта жұмыс істеу керектігін жеткізді. Оған қоса, сала мамандарымен бірқатар шешімін таппаған шаруалар талқыланды.


Аудандар мен шалғай елді мекендерде көпке белгісіз жас спортшыларды ел мақтанышы ету жолындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.