ТҮРКІСТАН: «Армандар орындалады» жобасы облыс көлемінде қолға алынды

0
591

Жыл басынан бері аталған жоба 33 балаға қуаныш сыйлап үлгерді.


ТҮРКІСТАН: «Армандар орындалады» жобасы облыс көлемінде қолға алынды

Түркістандық ерікті Әсел Бимырзаева э ұйымдастырған «Армандар орындалады» жобасы енді облыс көлемінде қолға алынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістандық ерікті Әсел Бимырзаеваның 2022 жылы қала көлемінде ұйымдастырған «Армандар орындалады» жобасы енді облыс көлемінде қолға алынды.


Өткен жылы игі істе 70 ерекше қажеттілігі бар баланың армандары орындалса, жыл басынан бері аталған жоба 33 балаға қуаныш сыйлап үлгерді.


Алғашқыда түркістандық ерекше балаларды қамтыған жобада бүгінде Кентау қаласы, Отырар, Бәйдібек аудандарынан келген балалардың арманы орындалып жатыр.


«Армандар орындалады» жобасы жалғасып жатқаны ниеті түзу жандардың арқасында деп ойлаймын. Бұлай дейтінім, былтыр бастау алған жоба бүгінге дейін ерекше балаларға қуаныш сыйлаумен келеді. Тоғызыншы рет өткізілген іс-шара бұрынғысынан өзгерек. Бұл жолы Бәйдібек, Отырар аудандарынан, Кентау қаласынан ерекше балалар қатыстырылды. Демек, қала көлемінде басталған жобамызды облыс деңгейінде өткізілуге мүмкіндік бар. Басқа ауданнан келген балалардың біразы киелі шаһарымызға алғаш рет келуі екен. Қуаныштарында шек жоқ. Қуаныш сыйлай алғанымыз үшін біз де керемет күй кештік», - дейді жоба негізін қалаушы Әсел Бимырзаева.


Ерекше қажеттілігі бар балалардың арманы жазылған хаттарды жүзеге асыруды мақсат еткен жоба болашақта да жүйелі түрде жалғасады.