«Түркістан аруы – 2023» байқауының жеңімпазы анықталды

0
567

Ақтық сынға 9 қыз жолдама алды.


«Түркістан аруы – 2023» байқауының жеңімпазы анықталды

«Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауының аясында «Түркістан аруы» байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыс орталығында «Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауының аясында «Түркістан аруы» байқауы ұйымдастырылып келеді. Жалпы байқау Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асып отыр. Биыл ұлттық байқаудың сайтына облыстың түкпір-түкпірінен 100-ге жуық ару қатысуға өтініш білдірген. Үш рет кастинг өткізіліп, Түркістан облысының аудан, қалаларынан ақтық сынға 9 қыз жолдама алды.


Финалда арулар өзін таныстыру, шығармашылық бағытта өнері және қазақша көйлектермен дефиле көрсету бойынша сайысты. Қазылар алқасының қорытындысымен Ербосын Диана «Түркістан аруы - 2023» атанды. Сондай-ақ үш ару «Түркістан вице-аруы» номинациясын иемденді. Атап айтқанда, Түркістан жоғары медицина колледжінің түлегі Құрбанғалиева Нурила бірінші «Түркістан вице-аруы» номинациясын алса, екінші вице-мисс номинациясы Халықаралық туризм және меймандостық университетінің 4 курс студенті Анварова Гүлжайнаға бұйырды. Үшінші вице-мисс номинациясын Боранбай Сымбат алды.


Байқаудың Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында дауыс беру арқылы анықталған «Түркістан интернет аруы» номинациясын Түркістан облысы «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің қызметкері Жұмахан Нұрғайша иемденді.


Байқау жеңімпазы алдағы уақытта Алматы қаласында өтетін «Қазақстан аруы» байқауына өңірдің намысын қорғауға аттанады. Айта кетейік, 2022 жылы «Қазақстан аруы» финалына Абылайхан Назерке қатысқан болатын.