ТҮРКІСТАН: Арыс қаласында өнер жұлдыздары концерт өткізді

0
2 094

Туған жерге келіп, перзенттік парызын көрсеткен майталмандарға облыс әкімінің сылықтары табысталды.


ТҮРКІСТАН: Арыс қаласында өнер жұлдыздары концерт өткізді

Арыс қаласындағы орталық «Әл-Фараби» алаңында еліміздегі өнер жұлдыздарының қатысуымен «Жаса, жайна Алашымның Арысы» атты концерт өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, халыққа мәдени-рухани серпіліс сыйлап, мерекелік көңіл күйді тарту ету мақсатында ұйымдастырылған шараға Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Арыс қаласының Құрметті азаматы Ақжол Мейірбеков, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Арыс қаласының тумасы Нұржамал Үсенбаева, композитор-әнші Нұрлан Еспанов, Жанболат пен Жазира, Ләззәт Байырбекова, Бейбарыс Серікбаев, Мақсат Айтжанов, Әлден Жақсыбеков және Фархат Ескенеев сынды Арыстан шыққан сахна саңлақтары мен «Фараб» би ансамблі қатысты. Одан бөлек, айтыскер ақын Кәрима Оралова Арыс халқына арнауын айтып, елдің ықыласына бөленді.


Сондай-ақ, шара аясында Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек қиын-қыстау сәтте қолдау беріп, көмек қолын созған барша қазақстандықтарға алғысын білдіріп, туған жерге келіп, перзенттік парызын көрсеткен өнер майталмандарына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің арнайы алғыс хаты мен сый-сияпаттары табысталды.


Айта кетейік, аталған концертті Түркістан облысы әкімдігі мен Мәдениет басқармасы және облыстық «Түркістан сарайы» концерттік ұйымы ұйымдастырды.