ТҮРКІСТАН: Арыс қаласының 65 жылдығы аталып өтті

0
1 365

Бірнеше азаматқа «Арыс қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.


ТҮРКІСТАН: Арыс қаласының 65 жылдығы аталып өтті

Арыс қаласының 65 жылдық мерейтойына орай мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін Арыс қаласының 65 жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шара және концерт өтті. Салтанатты жиында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев:


«Биыл Орта Азияның қақпасы атанған Арыс қаласына 65 жыл толып отыр. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген бұл мерейтой арыстықтар ғана емес, тұтас теміржолшылар қауымы үшін де зор мәртебе. Әрине қаланың тарихы жүзжылдықтарға жетелейді. Бүгінгі таңда барша қазақ халқы, оның ішінде Түркістан облысының тұрғындары Тұңғыш Президентіміз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының нәтижесінде жүзеге асып жатқан оң өзгерістердің куәсі болып келеді. Арыс өңірінде бұл күні сан-салалы бағыттар бойынша жарқын жобалар жүзеге асырылып жатыр», – дей келе арыстықтарды құттықтады.


Сонымен қатар, Арыс қаласының мерекесіне орай өңірден шыққан өнер жұлдыздары әннен шашу шашты. Атап айтсақ, кеште Қазақстан және Татарстан Республикаларының халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ақжол Мейірбеков, әнші, сазгер Нұрлан Еспанов, Жанболат пен Жазира, Арыстың күміс көмей әншілері мен мың бұралған бишілері және өзге де эстарада жұлдыздары, сондай-ақ «Шаншар» әзіл-сықақ театры өнер көрсеттті.


Сондай-ақ, салтанатты жиында бірнеше азаматқа «Арыс қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.