ТҮРКІСТАН: Арыста алғашқы балық шаруашылығы іске қосылды

0
1 618

«Дермене Агро Групп» ЖШС-і 1 жыл 6 ай мерзімде алғашқы балық өнім алуды жоспарлауда.


ТҮРКІСТАН: Арыста алғашқы балық шаруашылығы іске қосылды

Арыста балық асырау бассейндеріне 3 млн жуық балық шабақтары жіберілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ағымдағы жылдың мамыр айында Арыс қаласы, Дермене ауылынан «Дермене Агро Групп» ЖШС директоры, жеке кәсіпкер Дүйсенбі Дінмұхаммед өз қаржысы есебінен үш балық асырау бұғатының (бассейн) құрылысын бастаған болатын. Бүгінгі таңда сол құрылысы жүргізілген балық асырау бұғатының негізгі құрылысы аяқталып, үш милионға жуық тұқым «карп» шабақтары жіберілді.

Шараға Арыс қаласы әкімі М.Қадырбек, ауылдық округі әкімі Ж.Кадиев бөлім басшылары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ауыл ардагерлері қатысты. Шабақтар Қызылорда облысы, Арал қаласындағы қолдан балық өсіру шаруашылығынан жеткізілген.

«Дермене Агро Групп» ЖШС-і 1 жыл 6 ай мерзімде алғашқы балық өнім алуды жоспарлауда. Бір тұқы «карп» балығының ұзындығы 40 сантиметрге жетеді, ал салмағы 800 гр – 3 кг аралығында болады.

Аталған балық асырау бұғатында 4 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыс істейді. Жеке кәсіпкер Д.Дүйсенбі аталған балық асырау бұғаты орналасқан жердің аумағынан жасыл желектер егіп көгалдандырып, абаттандыруды жоспарлап отыр.