ТҮРКІСТАН: Арыста азық-түлік жәрмеңкесі өтеді

0
751

50-ге жуық өнім түрлері базар нарығынан төмен бағада сатылады.


ТҮРКІСТАН: Арыста азық-түлік жәрмеңкесі өтеді

Арыс қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2021 жылдың 30 желтоқсан күні Арыс қаласының орталығында орналасқан Әл-Фараби алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.


«Жәрмеңкеде ауыл округтерінен келген шаруаларымыздың жаз бойғы еңбегі паш етілмек. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, ауыл шаруашылығы бөлімі мамандарының ұйымдастыруымен өтетін жәрмеңкеде арыстық шаруалар 50-ге жуық азық-түлік өнім түрлерін базар нарығынан төмен бағада ұсынбақ», - делінген әкімдік ақпаратында.


Айта кетейік, жәрмеңке сөресіне ет өнімдері (түйе, сиыр, қой), сүт өнімдері, бидай, асқабақ, жүгері, жоңышқа, табиғи шөп және тағы да басқа өнімдер шығарылады.