ТҮРКІСТАН: Арыста екі мектептің құрылысы басталды

0
612

Қосымша ғимараттар да салынады.


ТҮРКІСТАН: Арыста екі мектептің құрылысы басталды

Арыс қаласында жаңадан екі мектеп салынып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Арыс қаласында жаңа екі мектептің құрылысы басталды. Бұл туралы қала тұрғындарымен кездескен Гүлжан Құрманбекова айтып берді. Атап айтсақ, «Тараз» және «Отырар» тұрғын аудандарында 600 орындық жаңа мектеп бой көтереді.


«Білімді ұрпақ – ел болашағы. ХХI ғасырда үш ауысымды мектеп мәселесі туындамауы керек. Қала тұрғындарының жыл сайынғы өсуі ескеріліп, жаңа мектептер салуды жоспарлап отырмыз. Жоғарыда айтқанымдай 2 жаңа мектеп құрылысынан бөлек, биыл М.Әуезов атындағы гимназиядан 200 орындық, И.Журба мектебі жанынан 300 орындық қосымша оқу ғимараты салынып жатыр. Осылайша, 1500-ден астам оқушыға жағдай жасалады», — деді Гүлжан Мамытқызы өз сөзінде.


Бұдан бөлек, жиында электр желілерін жаңарту, ауыз су сапасын арттыру, қала көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселелеріне жеке тоқталып өтті.


Жиынға қатысқан тұрғындар тарапынан да бірқатар өзекті мәселелер айтылып, оларға нақты жауаптар берілді. Ал, жиында сұрақтарын қойып үлгермеген тұрғындар іс-шара соңында қала басшысымен жеке кездесіп, сауалдарына жауап алды.