ТҮРКІСТАН: Арыста қуаты 14 МВТ болатын күн электр стансасы іске қосылады

0
1 203

Облыс басшысы «KazGreenTekSolar» ЖШС-не тиесілі күн сәулесінен баламалы электр энергиясын өндіретін стансасының құрылыс жұмыстарымен танысты.


ТҮРКІСТАН: Арыста қуаты 14 МВТ болатын күн электр стансасы іске қосылады

Түркістан облысының әкімі «KazGreenTekSolar» ЖШС-не тиесілі күн сәулесінен баламалы электр энергиясын өндіретін стансасының құрылыс жұмыстарымен танысты - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Франциялық «УрбоСолар» компаниясымен бірлескен жобаға жеке және Еуропалық даму банкінен 7 млрд. теңге қаралған. Стансаның жалпы аумағы 30 гектар жерді алып жатыр. Алдағы уақытта күн электр стансасы 14 мВт электр қуатын өндіретін болады. Жоба іске қосылғанда 30 адам тұрақты жұмысқа орналасады.

Сонымен қатар облыс басшысы Байырқұм ауылдық округінде құрылып жатқан “International company of Cotton” компаниясының SPK-1 ауылшаруашылық өндірістік кооперативінде де болды. Мақта өндірумен айналысатын мекеме 2020 жылға дейін жүзеге асырылатын болады. Жобаның жалпы инвестициялық құны 5 млрд. теңгені құрайды. Кооперив меншігінде 5 мың гектар егістік жер бар. Бірінші этап бойынша 2 мың гектар жерді жыл соңына дейін игеретін болса, қалған жерді екінші этаппен келесі жылы пайдаланатын болады. Жобаның ерекшелігі - гектарынан 6-8 тонна шитті мақта, 40 пайыз талшықты мақта өндіреді. Бұл технология су шығынын 5 есеге дейін төмендетеді. Кооператив толық іске қосылғанда 500 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.