ТҮРКІСТАН: Арыста өртенген пойызға байланысты арнайы штаб құрылды

0
1 194

Вагон пойыздан ажыратылып, өзге жолға қойылған.


ТҮРКІСТАН: Арыста өртенген пойызға байланысты арнайы штаб құрылды

Түркістан облысы Арыс қаласында пойыздан шыққан өрт оқшауланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


06 тамыз күні сағат 16:25-те Арыс қаласындағы «Арыс» теміржол вокзалы маңында жүк пойызының №54755392 металл контейнерінен өрт шықты(сары фосфор). «ҚТЖ» АҚ күштерімен вагон пойыздан ажыратылып, өзге жолға қойылған. Яғни бұл оқиға басқа пойыздардың қозғалысына әсер етпеген.


Орын алған өртті сөндіру бойынша штаб құрылып, қазіргі уақытта төтенше жағдайға 26 қызметкер мен 5 техника, «ҚТЖ» АҚ-ның 12 қызметкері, 1 бірлік техникасы мен өрт сөндіру пойызы, ЖПБ-ның 20 қызметкері мен 1 техника бірлігі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 44859 әскери бөлімінен 8 әскери қызметші және 2 бірлік техникасы, Арыс аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінен 3 қызметкер мен 1 бірлік техника жұмылдырылды. Нәтижесінде сағат 19:22-де өрт оқшауланған.