ТҮРКІСТАН: Арыста Ш.Қалдаяқовқа арналған бюст орнатылды

0
739

Бюст жанына «Шәмші бұрышы» орналастырылған.


ТҮРКІСТАН: Арыста Ш.Қалдаяқовқа арналған бюст орнатылды

Арыс қаласында Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіш-бюсті салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Арыс қаласындағы Мәдениет үйінде Қазақстанның Халық әртісі, композитор Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіш-бюсті салтанатты түрде ашылды. Сондай-ақ, өскелең ұрпаққа сазгерді насихаттау мақсатында бюст жанынан «Шәмші бұрышы» орналастырылды.


Салтанатты іс-шараға қала тұрғындарымен қатар, Алматыдан келген бір топ зиялы қауым өкілдері қатысты. Жиында сөз сөйлеген қала әкімі Гүлжан Құрманбекова арыстықтардың ерекше ықыласына бөленген ұлы композитор туралы ақжарма тілегін жеткізді.


Шара соңында қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары ұйымдастырған концерттік бағдарламаға ұласты. Айта кетерлігі, ескерткіш-бюст авторы – Арыс қаласының тумасы, Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері, мүсінші Тілеуберді Бинашев өнер туындысын қаланың 65 жылдық мерейтойына орай сыйға тартты.