ТҮРКІСТАН: Арыста төтеншеліктер дабыл қақты

0
1 833

Арыста 9.00-де «Жер сілкінісі қауіпі» дабылы бойынша хабарлау жүйесі іске қосылып, төтенше жағдай туралы қала аумағындағы барлық тұрғындарға хабардар етілді.


ТҮРКІСТАН: Арыста төтеншеліктер дабыл қақты

Арыс қаласында азаматтық қорғау және төтенше жағдайлардың алдын алу мен олардың орын алған жағдайдағы іс-әрекеттері бойынша кешенді оқу-жаттығу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осы мақсатта таңғы сағат 9.00-де «Жер сілкінісі қауіпі» дабылы бойынша хабарлау жүйесі іске қосылып, төтенше жағдай туралы қала аумағындағы барлық тұрғындарға хабардар етілді.

Аталған дабылға сәйкес, қалалық әкімдіктің және барлық ауылдық округ әкімдіктерінің ғимараттарында, білім және басқа да мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерімен жалпы қалалық сейсмикалық жаттығулар өтті.
Сондай-ақ, орталық Әл-Фараби алаңында қаланың басқару органдарының, төтенше жағдайлар комиссиясының, авариялық-құтқару қызметтері мен ерікті өрт сөндіру құрылымдарының күші мен құралдарының төтенше жағдай орын алғандағы іс-әрекеттерге дайындығы тексерілді.

Сонымен қатар, көп қабатты ғимараттарда өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, дала өрттерін сөндіруге арналған ерікті өрт сөндіру жасақтарының дайындығы, Арыс теміржол станциясында өрт сөндіру және қалпына келтіру пойыздарымен, Арыс қаласының өрт сөндіру бөлімі арасындағы өзара әрекеттесу жұмыстарының дайындығы және күшті әсер ететін улы заттарды тасымалдау барысында апат орын алғанда басқару органының іс-әрекеті, жеке қорғану құралдарын тарату бекетін көрсету, су тасу қауіпі бар учаскелерде алдын-алу шаралары бойынша практикалық жұмыстар жүргізілді.