ТҮРКІСТАН: Арыста жүк пойызынан өрт шықты

0
1 201

Темір жол станциясының маңында.


ТҮРКІСТАН: Арыста жүк пойызынан өрт шықты

Түркістан облысы Арыс қаласында жүк пойызының вагоны өртенді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


6 тамыз күні сағат 17.00 шамасында Арыс темір жол станциясының вагон паркі маңында жүк вагонында өрт шықты.


Қазіргі кезде оқиға орнында тиісті сала мамандары өрт сөндіру жұмыстарымен айналысып жатыр.


"Тұрғындардың алаңдауына еш негіз жоқ", - делінген Арыс қаласы әкімі баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.