ТҮРКІСТАН: Арыстағы мал қорымында еш қауіп жоқ

0
1 248

Арыс қаласында 2 қорым бар. Бірі – Дермене, екіншісі – Қожатоғай ауыл округі аймағында орналасқан.


ТҮРКІСТАН: Арыстағы мал қорымында еш қауіп жоқ

Арыс қаласы аймағында орналасқан мал қорымдарында Сібір жарасына қатысты ешбір қауіп анықталмаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Арыс қаласында 2 қорым бар. Бірі – Дермене, екіншісі – Қожатоғай ауыл округі аймағында орналасқан. Екеуі де сала мамандарының қатаң бақылауында. Бүгін бұл туралы Арыс қалалық аумақтық инспекция басшысы Өмірқұл Омаров қалалық әкімдіктің мәжіліс залында өткен брифингте мәлімдеді.

«Қазіргі таңда мал қорымдары зақымданбаған. Барлық талаптарға сай сақтаулы. Олар үнемі ветеринария қызметкерлерінің қадағалауында. Қорымдарға жыл сайын мониторинг жүргізіледі. Сол аумақтағы топырақтан ұдайы сынақ алынып отырады. Барлық зерттеулердің нәтижесі бойынша ешбір қауіп анықталмаған. Жалпы бүгінге дейін қорымдардан сібір жарасына қатысты ешқандай мәлімет тіркелмеген», - деді Өмірқұл Омаров.