ТҮРКІСТАН: Арыстағы жарылыстан 23 адам ауруханаға түсті

0
1 122

Олардың басым бөлігі облыстық клиникалық ауруханада жатыр.


ТҮРКІСТАН: Арыстағы жарылыстан 23 адам ауруханаға түсті

Арыста орын алған апаттан 23 адам әртүрлі дене жарақаттармен Түркістан облысына қарасты ауруханаларға жеткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Олардың басым бөлігі облыстық клиникалық ауруханада жатыр. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
Арыстағы төтенше жағдайға орай Ордабасы ауданында медициналық штаб құрылды. Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың басқаруымен шұғыл жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Ордабасы аудандық орталық ауруханасынан және Облыстық клиникалық ауруханасында 200 - ден астам науқасқа арналған орын дайындалды. 30 жедел жәрдем көліктерін Шымкент қаласына кірер 3 жолға қойылды. Тағы да қажет болған жағдайда бірнеше аудандардан алдырылған қосымша жедел жәрдем көліктері дайын.
Облыстық клиникалық ауруханадан травматолог, хирург, реаниматолог дәрігерлер құрылған медициналық штабқа жиналды. Қазіргі кезде жарақат алғандар жоқ. Эвакуация жұмыстары жүргізіліп жатыр. Арыс қалалық орталық ауруханасы мен емханасынан науқастар эвакуация жасалды. Мамандар да жедел жәрдем көліктері де облыс бойынша жеткілікті, деп хабарлады Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.