ТҮРКІСТАН: Арыстық сарбаздар экологиялық акция ұйымдастырды

0
665

300-ге жуық сарбаз көшет отырғызатын шұңқырлар дайындады.


ТҮРКІСТАН: Арыстық сарбаздар экологиялық акция ұйымдастырды

Арыс қаласының ажарлануына сарбаздар да үлес қосып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қасиетті рамазан айының бірінші күні Түркістан облысы, Арыс қаласындағы № 44859 әскери бөлімінің сарбаздары «Жасыл Арыс» КММ-мен бірлесіп, экологиялық акция ұйымдастырды.


Сауабы мол шарада 300-ге жуық сарбаз көшет отырғызатын шұңқырлар дайындады. Енді алдағы күндері «Жасыл Арыс» КММ-нің мамандары аталған орындарға көшет отырғызады.


"Қасиетті Рамазан айында біз халықпен бірге қаланың көркеюіне үлес қосуды ұйғардық. «Ағаш — ел дәулеті, жер сәулеті» деген тәмсіл бар. Егілетін ағаштар болашақта мәңгілік сая берсін, Арысымыз көрікті болсын", — дейді игі бастамаға мұрындық болған № 44859 әскери бөлім командирі Көпжасар Айтбекұлы.