ТҮРКІСТАН: "Астанадан келген комиссиялар жердің астынан бір-ақ шықты" (видео)

0
2 983

Газель көлігі жаңадан салынған "брусчаткаға" кіріп кеткен.


ТҮРКІСТАН:

Түркістан қаласындағы жаңа ғимараттардың бірінің алдына салынған жол төсенішіне газель автокөлігінің төрт дөңгелегі батып кеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл видео WhatsApp желісі арқылы таралып жатыр.

Оны түсірген адамның айтуынша, бұл жағдай Түркістанда орын алған.

«Түркістанда құрылыс жүріп жатыр, ал мынау бітіп жатқан ғимарат. Астанадан келген комиссиялардың көлігі "брусчаткаға" кіріп кетіп, жердің астынан бір-ақ шықты. Көтеруге кран келіп тұр», - дейді видеоны түсірген белгісіз адам.


Сондай-ақ, видео авторы «Масқара! Қалай болса солай істеген ғой. Мына ғимарат та құлап қалса, таң қалмайсың», - деп жаңа облыс орталығында жүріп жатқан құрылыс сапасына сын білдірген.

Өз кезегінде, бұл жағдайға байланысты Түркістан облысы Құрылыс басқармасы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында мәлімдеме жасады.

"Постта айтылған оқиға 2019 жылғы 3 қараша күні орын алған. Түркістан қаласы, әкімшілік-іскерлік орталығындағы облыстық әкімшілік ғимараты нысаны алаңының алдында орналасқан жаяу жүргіншілерге арналған құрғақ фонтанның үстіне келген қонақтардың автокөлігі қауіпсіздік ережесін сақтамай, үстіне шығып сындырған болатын. Аталған кемшіліктер дер кезінде қайта қалпына келтірілген", - делінген басқарма жазбасында.