ТҮРКІСТАН: Аудан басшысы карантин талаптарының сақталуын өзі тексеріп жүр

0
860

Барлық нысандарға ескертусіз барып жүр.


ТҮРКІСТАН: Аудан басшысы карантин талаптарының сақталуын өзі тексеріп жүр

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев сақтық шаралары қандай дәрежеде екенін бақылауда, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев аудан аумағындағы бірнеше сауда дүкендеріне ескертусіз барып, елде жүріп жатқан қатерлі індетке байланысты сақтық шаралары қандай дәрежеде екенін көрді.

Алдымен, Біртілек ауылдық округіндегі дүкендерді аралаған аудан басшысы бірнеше кемшілікті байқап, дүкен иесі мен ауыл әкімшілігі жанынан құрылған жұмысшы топқа сын ескертпелер жасады.

«Тұрғындардың денсаулығы алдымен өзіне, одан кейін қоғамға керек. Сол үшін сақтық шараларын барынша сақтау, Сіздер, яғни кәсіпкерлік нысан иелері тарапынан қойылған талаптар арқылы біз халыққа түсіндіреміз. Себебі сіздің бизнесіңіз халық үшін, олар сізден зат сатып алу үшін сіз қойған талаптарға бағынады. Дүкенге кірген әр азаматтан бетперде киіп кіруін талап етіп, сіздегі антисептікті пайдалану арқылы вирусты залалсыздандыру қажет. Осындай тәртіппен біз індетті жеңеміз. Б.Момышұлы атамыз айтқандай «Тәртіпке бағынған – құл болмайды». Тәртіпке бағыну арқылы бұрынғы өмірімізге ораламыз» - дейді аудан әкімі А.Есбаев сауда дүкендерінің иесіне түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында.

Сондай-ақ, ескертусіз аралау жұмыстары аудан аумағындағы Алпамыс батыр, Ұшқын, Қошқарата және Ошақты ауылдық округтерінде жалғасып, әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандарға ат басын бұрып, санитарлық шараларды, гигиеналық тазалықты тексеру, халық денсаулығына бей-жай қарамай, аты жаман індеттен сақтану, бетперде режимін әдетке айналдыру туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.