ТҮРКІСТАН: Аудандардағы діни ахуал – мамандар бақылауында

0
606

Мәселелерді талқылап, ұсыныстарын тыңдады.


ТҮРКІСТАН: Аудандардағы діни ахуал – мамандар бақылауында

Түркістан облысында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен құрылған терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы діни ахуалға талдау жасау және қалыпқа келтіру бағытындағы жұмыс тобы Сарыағаш ауданында болды.


Іссапар барысында жұмыс тобы аудандық ТҚК жұмысымен және аудандағы жат ағым өкілдерімен жүргізіліп жатқан оңалту шараларымен танысып, зерделеу және әдістемелік көмек көрсету жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар ҚМДБ-ға қарасты діни бірлестіктерде кездесулер ұйымдастырып, имамдармен және ұстаздармен пікірлесті. Жұмыс барысында туындап жатқан мәселелерді талқылап, ұсыныстарын тыңдады.


Сонымен қатар, аудан әкімі аппаратында аудан әкімінің орынбасары А.Қозыбаевтың төрағалығымен жиын өтті.


Жиынға жұмыс тобының мүшелері: Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі - Түркістан облыстық терроризмге қарсы комиссия аппаратының жетекшісі Ильхам Абулхаиров, Түркістан облысы әкімі аппараты терроризмге қарсы іс-қимыл тобының бас инспекторы Арман Бимаханбетов, Түркістан облыстық дін істері басқармасының мамандары, аудан әкімдігі жанындағы ТҚК жұмыс тобының мүшелері, ауданның дербес бөлім басшылары және жауапты мамандар қатысты.


Отырыста оңалту жұмыстарының барысында туындап жатқан мәселелер талқыланып, тиісті әдістемелік көмектер пысықталды.