Түркістан әуежайынан 15 бағытта рейстер қатынап жатыр

0
421

Аviata.kz, kaspi.kz, chocotravel.com, tickets.kz. probilet.kz сайттарынан ақпарат алуға болады.


Түркістан әуежайынан 15 бағытта рейстер қатынап жатыр

Енді Түркістаннан Талдықорғанға ұшақпен баруға болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан халықаралық әуежайы "Түркістан-Талдықорған" әуе бағытымен толықты. Билет құны – 8000 теңгеден басталады. Осымен рейс бағыттары 15-ке толығып отыр. Бүгінде әуежайдан халықаралық және ішкі бағыттар бойынша әуе рейстері орындалуда. Олар:

1) «Түркістан-Стамбул» – аптасына 4 рет (сейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі);

2)«Түркістан-Бішкек» – аптасына 2 рет (дүйсенбі, бейсенбі);

3)«Түркістан-Ташкент» – аптасына 2 рет (дүйсенбі, бейсенбі);

4)«Түркістан-Нұр-Сұлтан» – күнделікті;

5)«Түркістан -Алматы» – аптасына 5 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі);

6)«Түркістан-Қостанай» – аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма);

7)«Түркістан-Семей» – аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма);

8)«Түркістан-Атырау» – аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма);

9)«Түркістан-Қарағанды» – аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі);

10)«Түркістан-Көкшетау» - аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі);

11)«Түркістан-Ақтөбе» – аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі);

12)«Түркістан-Ақтау» – аптасына 3 рет (сәрсенбі, сенбі, жексенбі);

13)«Түркістан-Павлодар» – аптасына 3 рет (сәрсенбі, сенбі, жексенбі);

14)«Түркістан-Орал» – аптасына 2 рет (сейсенбі, сенбі);

15)«Түркістан-Талдықорған» - аптасына 2 рет (бейсенбі, жексенбі).


Ұшу уақыттары мен билет құны туралы ақпаратты Түркістан халықаралық әуежайынан, әуекомпаниялардың ресми сайттарынан немесе aviata.kz, kaspi.kz, chocotravel.com, tickets.kz. probilet.kz тағы басқа да қосымшалардан білуге болады.