Түркістан әуежайынан алғашқы халықаралық рейс ашылды

0
2 618

Енді Түркістан қаласы мен Стамбұлды байланыстыратын тұрақты рейстер аптаның сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері іске асады.


Түркістан әуежайынан алғашқы халықаралық рейс ашылды

21 наурызда Наурыз мейрамы қарсаңында Елбасының және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен құрылған алғашқы отандық лоукост әуе тасымалдаушысы Fly Arystan әуе компаниясы Қазақстанның рухани астанасы Түркістан қаласынан Стамбұлға алғашқы халықаралық тұрақты рейсті орындады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ендігі кезекте бұл тарихи қалаларды байланыстыратын тұрақты рейстер аптаның сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері іске асады.
Алғашқы Түркістан-Ыстамбұл-Түркістан рейсінің құрметіне орай Әзірет Сұлтан әуежайында ҚР ИИДМ ААК төрағасы Ластаев Талғат Тілеубекұлы, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жетпісбаев Арман Шәріпбайұлы, FlyArystan әуекомпаниясының басқарушы директоры Адриан Хамильтон-Мансс пен Халықаралық Түркістан әуежайы атқарушы директоры Хасенов Марат Жумажанұлының қатысуларымен арнайы мерекелік брифинг өтті.

«Бүгінгі таңда Түркістан әуежайынан Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау шаһарларына сапарлар орындалып жүрсе, үстіміздегі жылдың 2 тоқсанынан бастап рухани орталық еліміздің 10 облысымен аптасына 53 рет жиілігінде байланысатын болады» - деп атап кетті ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірлігіне тиесілі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев.

FlyArystan-ның басқарушы директоры Адриан Хамильтон-Маннстың ойынша әуекомпания бағдарлар желісінің кеңеюі, оңтүстік тұрғындарына одан да көбірек әрі сапалы саяхат шешуге мүмкіндік береді.
«Қазақстан мен Түркия әрқашанда экономикалық, стратегиялық және достық қарым-қатынаста үйлесімін тапқан мемлекеттер. Түркі рухының бесігі саналатын Түркістан екі мемлекет арасындағы рухани байланысты да жетілдіретіні сөзсіз. Екі мемлекет азаматтарының бұл рейіске және қолжетімді бағаларға қызығушылығы бізді аса қуантады. Және де біз Түркістан- Стамбұл-Түркістан бағытындағы рейстердің санын үштен беске дейін көбейтуге жоспарлап отырғанымызды хабарлаймыз», - деп жаңалықтармен Хамильтон-Маннс мырза бөлісті.

Атырау-Түркістан-Атырау бағытындағы алғашқы рейс аттандырылды. Бір бағыт бойынша билеттер құны 8999 теңгеден бастаалады. Рейс уақытының ыңғайлығына байланысты саяхаттаушылар Атырау және Түркістан қалаларынан байланыстырушы рейстер арқылы Ыстамбұл шахарына ұша алады.