ТҮРКІСТАН: Ауған соғысының ардагерлері марапатталды

0
1 382

Ардагерлерге бір жолғы жәрдемақы төленді.


ТҮРКІСТАН: Ауған соғысының ардагерлері марапатталды

Түркістан облысында Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылған күніне орай ардагерлермен кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылған күніне орай ардагерлермен кездесті.


«Жастық жылдарыңызды от пен оқтың ортасы - соғысқа арнадыңыздар. Сіздердің Отан алдындағы ерліктеріңіз - өскелең ұрпаққа үлгі. Оларға патриоттық тәрбие беру ісінде сіздердің еңбектеріңіз зор», - деді жиында құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков.


Кездесу барысында аудандық Ауғанстан соғысы ардагерлерінің «Ерлікке тағзым» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бегалы Омарбеков бірқатар ұсыныс-пікірлерін айтты. Ауған соғысына қатысушы ардагерлерді емдеу-сауықтыру демалыс орындарына жіберілсе деген ұсынысын жеткізді.


Аудан басшысы жергілікті бюджеттен қаржы қарап, ардагерлерге биылдан бастап демалыс орындарына жіберуді ұйымдастыруды тиісті бөлімге тапсырды. Сондай-ақ, ардагерлерге бір жолғы жәрдемақы төленіп, естелік сыйлықтар табысталды.