ТҮРКІСТАН: Ауыл әкімі өлген адамға жер беру туралы шешім шығарған

0
1 863

Түркістан облысындағы әдеп жөніндегі кеңес Мақтааралдағы бірнеше ауыл әкіміне "ескерту" түріндегі тәртіптік жаза қолдануды ұсынып отыр.


ТҮРКІСТАН: Ауыл әкімі өлген адамға жер беру туралы шешім шығарған

Осы жылдың 22 ақпанында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мақтарал ауданының ветеринария бөлімінің басшысы (бұрынғы Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі әкімі) А.Абдиев Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ тұлғаға және қайтыс болған азаматқа жер табыстау туралы шешім шығарғаны үшін, Әдеп жөніндегі кеңес аталған мәселені облыстық Ұлттық бюро департаментіне тиісті проецессуалдық шешім қабылдау үшін бірауыздан шешім қабылдады. Сондай-ақ, Әдеп жөніндегі кеңесте сыбайлас жемқорлық заңнамасының сақталуы бойынша Облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Е.Жеңісбекұлының есебі тыңдалып, назарға алынды.