ТҮРКІСТАН: Ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

0
600

Басқарма басшысының орынбасары лауазымын атқарды.


ТҮРКІСТАН: Ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Түркістанда басқарма басшысы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ауысу тәртібімен, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен Оспанов Тұрғанбек Үсенбекұлы Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды. Ол 1961 жылғы 2 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданында дүниеге келген. 1982 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. Мамандығы – финанс және кредит.


Еңбек жолын 1977 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданындағы №1 ЖМК «Қызылқұмкеңшарқұрылыс» трестінде құрылысшы болып бастаған. 1982 жылы Мақтаарал аудандық қаржы бөлімінде экономист, 1984 жылы Шардара ауданындағы ПМК-22 «Чардарастрой» басқармасының еңбек және жалақы бөлімінің бас инженері, 1988 жылы Сүткент совхозының комсомол комитетінің хатшысы, 1992 жылы Шардара аудандық мемлекеттік салық инспекциясының бас салық инспекторы, 1993-1998 жылдары Қаржы бақылау комитетінің бас бақылаушы-тексерушісі, 1998-2003 жылдары Шардара аудандық мәслихатының Тексеру комиссиясының төрағасы, 2006-2011 жылдар аралығында Шардара аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы, 2003-2006 жылдары және 2011-2012 жылдары Шардара ауданы әкімінің орынбасары болып елге еңбек сіңірді. 2012-2013 жылдары Шардара қаласының әкімі, 2013-2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары лауазымында болды.


2018 жылдың шілде айынан бастап қазірге дейін Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарды.