ТҮРКІСТАН: Ауыл тұрғындарына кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары түсіндірілді

0
588

Өнімді сатуды жолға қою – кәсіпті енді қолға алған кәсіпкерге қиын шаруа.


ТҮРКІСТАН: Ауыл тұрғындарына кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары түсіндірілді

Түркістандық тұрғындар «Бастау Бизнес» жобасы арқылы алып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында «Бастау Бизнес» жобасы арқылы тұрғындар тиісті көмек алып жатыр. Кәсіпкерлік саласындағы мәселелерді зерделеу үшін Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Нұрбақыт Иманқұлов Жетісай, Мақтарал, Келес және Сарыағаш аудандарында болып, тұрғындармен кездесті.


Кездесулерде «Бастау Бизнес» жобасының шарттары түсіндіріліп, тұрғындарға кеңес берілді. Жетісай, Мақтарал, Келес және Сарыағаш аудандарының ауа райы мен табиғаты кәсіпкерлікке өте қолайлы екені айтылып, сол мүмкіндік пен артықшылықты толық пайдалану қажеттілігіне баса назар аударылды.


Қажетті бизнес-идеяны таңдау, бизнес-жоспар әзірлеу, өнімді сатуды жолға қою – кәсіпті енді қолға алған кәсіпкерге қиын шаруа. Сондықтан кәсіпкерлікке баулитын «Бастау Бизнес» жобасы арқылы іс бастау қолайлы болмақ. «Бастау Бизнес» және басқа да жобалар туралы толық ақпаратты «TURKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық бөлім, филиалдарынан алуға болады.