ТҮРКІСТАН: Ауыр жабдықтар өндіретін зауыт салынады

0
579

Инвестициялық жоба тұрақты түрде 100-ден аса адамды жұмыспен қамтымақ.


ТҮРКІСТАН: Ауыр жабдықтар өндіретін зауыт салынады

Түркістан облысында металлургия кешеніне арналған ауыр жабдықтар өндіретін зауыт салынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының аумағында «Тау-кен металлургия кешеніне арналған ауыр жабдықтар өндіретін зауыт салу» жобасын іске асыру жоспарлануда. Құны 7 млрд. теңгелік инвестициялық жоба тұрақты түрде 100-ден аса адамды жұмыспен қамтымақ. Жоба 2023-2024 жылдар аралығында жүзеге асады деп көзделіп отыр.


Облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров пен «PSI Group» ЖШС-нің өкілі Павел Беклемишев екі жақты меморандумға қол қойды. Меморандум шеңберінде жобаны бірлесе жүеге асыру қарастырылған.


Айта кетейік, аталмыш компания-инженерлік жобалау мен материалдық-техникалық жабдықтаудан бастап өнеркәсіптік объектілерді салумен айналысады. Сондай-ақ тау-кен өнеркәсібін, энергетиканы, металдар мен мұнай мен газ саласы, нарықтың негізгі секторлары үшін металл конструкциялары мен модульдік қосалқы станцияларды дайындауға бойынша кешенді қызметтер көрсетеді.