ТҮРКІСТАН: Автовокзалдар жабылып, ауданаралық бағыттар 50% қысқарды

0
604

Автовокзал қызметтері карантиндік режим аяқталғанша уақытша тоқтатылды.


ТҮРКІСТАН: Автовокзалдар жабылып, ауданаралық бағыттар 50% қысқарды

фото:ainews.kz

Түркістан облысы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауданаралық тұрақты бағыттардағы рейстер саны 50%-ға қысқартылып, өңірдегі бірнеше автовокзалдың жұмыстары уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтқанда, жолаушылар көп шоғырланатын 4 автовокзалда: (Ленгір қаласындағы «Тау жұлдызы», Жібек жолы елді мекеніндегі «Дархан», Түркістан қаласындағы «Түркістан орталық», «Яссы») және 9 автобекеттің (Кентау қаласындағы «Транзит сервис», Арыс қаласындағы «Арыс», Сарыағаш ауданы Жібек жолы елді мекеніндегі «Сайран Жібек жолы», Сарыағаш қаласындағы «Сарыағаш», «Сау Бол», Отырар ауданы Шәуілдір елді мекеніндегі «Нәлібек», Жетісай қаласындағы «Жаз», Түркістан қаласындағы «Мерей», «Алтын орда») қызметтері карантиндік режим аяқталғанша уақытша тоқтатылды.
Мамандардың айтуынша, облыста аталған қауіпті инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында өңір тұрғындарына барынша сақтық шараларына мұқият болып, гигиеналық талаптарды сақтауға және карантиндік режим аяқталғанға дейін мүмкіндігінше қоғамдық көлікпен сапарға шықпаған жөн.