ТҮРКІСТАН: ​Аяз ата ХҚО-да балалардың тілегін орындады

0
3 195

Бұл – мемлекеттік корпорацияның осымен екінші жыл өткізіп отырған «Тілектер шыршасы» акциясы.


ТҮРКІСТАН: ​Аяз ата ХҚО-да балалардың тілегін орындады

Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Түркістан облысы бойынша филиалында «Тілектер шыршасы» акциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласының мамандандырылған ХҚО келушілері бүгін ертегі әлеміне енгендей әсерге бөленді. Зал ортасындағы жарқыраған шыршаның астында көз жауын алар сыйлықтар тұрды. Бұл – мемлекеттік корпорацияның осымен екінші жыл өткізіп отырған «Тілектер шыршасы» акциясы. Оның басты ерекшелігі – шыршаға аз қамтылған отбасынан шыққан балалардың Аяз атадан сұратқан тілек хаттарының ілінетіндігінде. Ондағы бүлдіршіндердің қалаулары әртүрлі, оларды ХҚО-ға келуші кез келген азамат орындай алады.

Мерекелік шараны ұйымдастырушылар балалардың барлық қалауын орындап, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады. Бүлдіршіндерге велосипед, жылы күртеше, спорттық киім, аяқ киім, ұялы телефон сияқты сыйлықтар тарту етілді. Аяз ата мен Ақшақар ойын-сауық өткізіп, балақайларды шат-шадыман күйге бөледі. Акция бүлдіршіндердің таңғажайыптарға деген сенімін арттырды, оларға мейірім мен жылу сыйлады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы басшысының орынбасары Мәди Аманжол Данаханұлы көпшілікті келе жатқан мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Айта кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Түркістан облысы бойынша филиалы 2018 жылдың 1 қазанында құрылды. Бұдан бұрын ол Шымкент қаласымен бірге Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының құрамында болған. Бүгінде облыс бойынша 25 фронт, 34 бэк-офис қызмет етеді, онда 1200-ден астам қызметкер еңбек етіп жүр.

Дереккөз: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы