ТҮРКІСТАН: Азық-түлік бағасы қатаң бақылауға алынған

0
694

Аудан, қалаларда 1,5 айға жететін қор жасақталған.


ТҮРКІСТАН: Азық-түлік бағасы қатаң бақылауға алынған

Түркістан облысында 19 азық-түлік тауарының бағасы бақылауда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын негізсіз өсірмеу бойынша жұмыстар күнделікті бақылауға алынған. 2022 жылғы 19 қантардағы жағдай бойынша 19 тауар түрінен (нан, күріш, қарақұмық, рожки, сиыр еті, айран, тауық еті, сүзбе, жұмыртқа, сары май, күнбағыс майы, қырыққабат, пияз, сәбіз, картоп, шекер, тұз, сүт, ұн) баға тұрақты. Аудан, қалалардағы мобильдік топтар әлеуметтік маңызды тауарлар бойынша нақты жұмыстар жүргізуде. Түркістан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының көтерілу фактілері бойынша хабар беру үшін өтініштер қабылданып жатыр. Түркістан облысы бойынша баға өскен жағдайда 8 (72533) 5-97-79 және 8702-465-20-11 телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.


Сондай-ақ, өңірде және аудан, қалаларында ӘМАТ 19 түрінен кемінде 1,5 айға жететін қор жасақталған.Аудан, қала әкімдіктері мен тиісті басқарма мерекелік және демалыс күндері көшпелі сауда жүргізіп, халыққа құны 26,5 млн. теңгенің тауары арзан бағада сатылған.


Сонымен қатар, Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу тапсырмасына сәйкес Түркістан облысы әкімдігі арқылы «Айналым схемасы» шеңберінде тауар өндірушілерге жалпы 640 млн.теңге берілді. Осыған байланысты «Magnum Cash&Carry» мен бірнеше сауда орнында тауарлар нарықтағы бағадан 10-15 пайыз төмен бағамен сатылуда. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуінің алдын-алу мақсатында ірі сауда орындары мен дүкендер және әмбебап базарлармен облыс көлемінде 1098 меморандум түзілген. Облыс әкімдігі, Түркістан қаласының әкімдігі, облыстық статистика басқармасы, облыстық Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментімен бірлесіп қабылданған тиісті шаралар арқасында жасанды азық-түлік тапшылығы байқалмайды.