​ТҮРКІСТАН: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру қорының жұмысы жанданады

0
1 692

Түркістан облысында тұрақтандыру қорының ақпараты бойынша 10 428 тонна қосалқы өнім бар.


​ТҮРКІСТАН: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру қорының жұмысы жанданады

Түркістан облысында тұрақтандыру қоры жұмысының тиімділігін арттыру үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (бұданәрі-ӘМАТ) бағасының өсуіне жол бермеу жөніндегі жұмыстың жаңа тетігі әзірленді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осыған байланысты Түркістан облысының азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссияның селекторлық кеңесі өтті. Комиссия құрамында облыстық мәслихат депутаттары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, статистика департаментінің, Ауыл шаруашылығы басқармасының және «Түркістан»ӘКК» АҚ базасындағы тұрақтандыру қорының баяндамалары тыңдалды.

Бүгінгі күні тұрақтандыру қорының ақпараты бойынша 10 428 тонна қосалқы өнім бар, оның ішінде: картоп – 4 253 тонна, ұн - 3 718 тонна, сәбіз – 1 094 тонна, пияз – 1 000 тонна, қырыққабат – 11 тонна, құмшекер-341 тонна, қарақұмық жармасы – 9 тонна. Сондай-ақ, қорға тиесілі 250 млн.теңгеден астам қаражат бар, ол облыстық тұрақтандыру қоры тарапынан азық-түлік тауарларының жүйелі интервенциясы нысанында ӘМАТ бағасын тұрақтандыру үшін пайдаланылатын болады.

Сонымен қатар, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев тұрақтандыру қорының негізгі азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуіне жол бермеу жөніндегі жұмысы тиісті түрде жүргізілмегенін және қордың осы бағыттағы дербес жауапкершілігіне назар аударғанын атап өтті.

Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, Үкімет деңгейінде ӘМАТ бағасын ұстап тұрудың бірқатар жаңа құралдары әзірленді, оның ішінде сауда үстемелері 15% деңгейінде, сауда нүктелерінде отандық тауарларға кемінде 30% кеңістік ұсыну талабы.

Сонымен қатар, комиссия «Түркістан»ӘКК» АҚ-ға 2019 жылғы 17 тамызда күшіне енген ӘМАТ бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың типтік ережелері шеңберінде сауда желілеріне қаржы беру арқылы азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру бойынша құралды белсенді іске қосуды ұсынды. Сондай-ақ, «Түркістан» ӘКК» АҚ Инвесторлармен көтерме-тарату орталығын салу бойынша бірлескен жобаны әзірлеу тапсырылды.

Айта кетерлігі, Түркістан облысында тұрақтандыру қорына тиесілі әлеуметтік дүкендер жұмыс істейді. 14 дүкеннің 7-і бөлшек сауда нүктелері ретінде пішінделген және 7-і көтерме бөлшек сауда рөлін атқарады. Осы сауда нүктелеріндегі бағалар Түркістан қаласы бойынша орташа нарықтық бағадан 20-25 пайызға төмен.