ТҮРКІСТАН: Азық-түлік бағасын тұрақтандыруға 1,5 млрд. теңге бағытталады

0
747

Тұрақтандыру қорында құны 3 мың тоннаға жуық тауар бар.


ТҮРКІСТАН: Азық-түлік бағасын тұрақтандыруға 1,5 млрд. теңге бағытталады

Түркістан облысында азық-түлік бағаларын тұрақтандыруға 1,5 млрд теңге бағытталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында биыл 1,5 млрд теңге бөлінеді. Бұл қаржы Тұрақтандыру қорына азық-түлік қорын сатып алуға және ірі сауда орындарын «Айналым схемасы» жобасымен қаржыландыруға бағытталады. Бүгінгі таңда, өңірдегі тұрақтандыру қорында құны 320,9 млн теңгені құрайтын 3 мың тоннаға жуық тауар бар. Бұл туралы тұрақтандыру қоры департаментінің директоры Лаура Жанасбаева мәлімдеді. Оның айтуынша, облыстағы өзге де аудандардағы сауда орындарына тұрақтандыру қорындағы арзандатылған тауарлар жеткізілуде. Ол тауарлардың келуі аудан әкімдігінің сұранысы бойынша жүзеге асырылады.


«Түркістан қаласы аумағында 13 әлеуметтік дүкен мен 5 сауда үйлерінде («Magnum Cash&Carry», «Дастархан», «Шапағат», «Дәулет») 18 азық-түлік тауарлары арзандатылған бағамен сатылуда. Мәселен, картоп пен сәбіз - 100 теңгеден, пияз - 70 теңге, тұз - 42 теңге, күріш - 265 теңге, макарон - 200 теңге, қант – 315 теңге, ұн - 150 теңге, күнбағыс майы - 720 теңге, қарақұмық - 480 теңге, жұмыртқа - 34 теңге, тауық еті - 870 теңге, қырыққабат – 110 теңге, әлеуметтік нан - 70 теңгеден сауданалануда. Бұдан басқа, Түркістан қаласында филиалы бар «Магнум» сауда желісімен ӘМАТ-қа сауда үстемесін 15%-дан 10%-ға дейін төмендету туралы келісім жасалды», - деді Тұрақтандыру қоры департаментінің директоры.