ТҮРКІСТАН: Бәйдібек ауданында ашық театр салынып жатыр

0
501

Әкім құрылысты сапалы жүргізіп, мерзімінде аяқтауды тапсырды.


ТҮРКІСТАН: Бәйдібек ауданында ашық театр салынып жатыр

Бәйдібек ауданының орталығында ашық кинотеатрдың құрылысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков жастар саябағындағы ашық кинотеатрдың құрылыс жұмыстарының барысын бақылады. Құрылысты жүргізіп жатқан мердігер мекеменің басшысы аудан әкіміне дыбыс күшейткіш, экран және басқа да қажетті аппараттарды орнатылып, қазіргі таңда көрермендер отыратын орындардың тиісті жұмыстары жүргізіліп жатқандығын баяндады.


Ержігіт Шәріпбекұлы мердігер мекеменің басшысына құрылысты сапалы жүргізіп, мерзімінде аяқтауды тапсырды.